18.09.2018, 10:30
Оқылды: 35

Бұланда жаңа саябақ ашылды

Елбасы  Н .Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай Сырым ауданы Бұлан ауылдық округінің орталығынан «Астана» саябағы ашылды. Саябақтың салтанатты ашылуы шарасына Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов қатысты.

bulan (4)Ауылдың қақ ортасынан салынған жаңа саябақтың құрылысына жергілікті кәсіпкер, «Бұлан» шаруа қожалығының жетекшісі Махамбет Досалиев демеушілік етіпті. Кәсіпкер осы күзде саябақ ауласына ағаш көшеттерін отырғызбақ.

Осы күні Бұланда балалардың ойын алаңы да пайдалануға берілді. Алаңның жабдықтары Бұлан ауылшаруашылық кооперативінің қаржысына сатып алынған. Балалардың ойын алаңының жанына алдағы уақытта субұрқақ пен жаяу жүргіншілер жолы салынып, жарықшам мен орындықтар орнатылып, бұл орын болашақта демалыс саябағына айналмақ.

Бұлан ауылдық округінің әкімі Тимур Кубаевтың айтуынша, биыл округ бойынша «Туған жер» бағдарламасы аясында 3 жоба жүзеге асқан. Айта кетейік, өткен айда Алматы, Астана қалаларында тұратын жерлестер ауылдың кіреберісінде тұрған белгіні  жаңартып берді.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

bulan (5) bulan (6)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале