31.07.2017, 16:23
Оқылды: 15

Чапаевта жылжымалы бассейн ашылды

 

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта балаларға арналған жылжымалы бассейн ашылды.


Н.Майданов атындағы саябақта орналасқан жасанды көлге шомылушы балғындардың қарасы күннен-күнге артып келеді. Аудан әкімдігінің қолдауымен сатып алынған, сыйымдылығы 55 тонналық бассейнге бір уақытта 35-40 бала қадағалаумен шомылады. Бұл бұған дейін ауыл маңындағы су арналары мен Жайық өзеніне шомылып жүрген балалардың қауіпсіздігі үшін тиімді болып тұр. Жақын маңдағы су арнасынан сорғы арқылы тартылған су аптасына бір рет ауыстырылып тұрады.

Рахмет ҚАЛИ

Ақжайық ауданы

Суретті түсірген Таңатар СӘРСЕНҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале