9.07.2020, 12:06
Оқылды: 50

Дариянда жедел әрекет ету тобы рейдке шықты

Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық әкімшілігі жанынан құрылған жедел әрекет ету тобының мүшелері ауылдағы азық-түлік дүкендеріне арнайы барып, пандемияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында түсінік жұмыстарын жүргізіп келеді.

B1E9FB76-4F38-44DA-B96D-E71EC70572B4

Бас санитарлық дәрігер бекіткен сақтық шараларын сақтамаған дүкен иелеріне ескерту жасалды. Сондай-ақ рейд барысында көп азамат қарапайым сақтық шараларын сақтай бермейтіні де байқалды. Бірі бетпердені иегіне іліп жүрсе, бірі мүлдем тақпайды. Осындай олқылықтарды байқаған жедел әрекет ету тобының мүшелері азаматтарға ескерту жасады.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале