26.06.2017, 17:17
Оқылды: 24

Дәрменовтің дәмханасы

akjaik damhanaАқжайық ауданындағы Жамбыл ауылдық округінің Бітік ауылы тұсында Халел Дәрменов өз қаржысына шағын дәмхана ашты.


15 адамға дейін қызмет көрсете алатын дәмхана ыстық тамақпен, сусындармен жолушыларға күндіз-түні қызмет жасауда. Халел Қанатұлы кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында 3000 шаршы метр жер алған. Таяуда сол ойы жүзеге асып, шағын кәсібін бастап та кетті. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Дүйсенбай Қарабалиннің айтуынша, бұл кәсіпкер келешекте осы дәмхананың айналасынан көлік жөндеу стансасын салмақшы.

Рахмет ҚАЛИ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале