20.08.2019, 16:26
Оқылды: 86

«Денсаулық» пойызы Тасқалаға келді

Бүгін Тасқала теміржол бекетіне «Денсаулық» консультативті диагностикалық пойызы тоқтады.

tasqala (1)

Диагностикалық пойыз аудандарында тұратын медициналық қызметке мұқтаж тұрғындарға алғашқы медициналық-әлеуметтік және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді.

 Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ат салысуымен жүзеге асуда.

Бригада құрамында терапевт, педиатр, гинеколог, xирург, лор, кардиолог, онколог-маммолог, стоматолог сияқты мамандар бар.

Медициналық пойыз неміс және жапонның алдыңғы қатарлы фирмаларының заманауи диагностикалық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Пациенттерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық талдау жасауға, ренгенография және флюрографиядан өтуге, ішкі органдарға және қан тамырларына УДЗ-зерттеулер жүргізуге, электрокардиограмма, гастрофиброскопия жасауға және басқа да диагностикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

tasqala (5)

Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқаулығымен келген 23 маман бар. Айта кету керек, кеше мамандар жұмысын Достық ауылдық округінен бастады. Мұнда 200-ге жуық тұрғынды қабылдап, медициналық көмек көрсеткен.

tasqala (6)

Бұл жөнінде Тасқала теміржол бекетінде ұйымдастырылған шарада №8 бригаданың басшысы, терапевт Ғ.Сембиев айтып өтті. Шарада аудан әкімінің орынбасары Люция Әсетқызы медицина қызметкерлеріне тұрғындарға көрсетіліп отырған қызмет үшін ризашылығын білдірді.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале