19.04.2017, 18:57
Оқылды: 22

Депутаттық фракция отырысы өтті

Жәнібек ауданында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы депутаттық фракция отырысы өтті. Жиынға мәслихат депутаттары қатысты.


Басқосуда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы туралы аудандық мәслихат депутаты Гүлмира Нұрғалиева баяндама жасап, баяндаманы талқылауға аудандық мәслихат депутаты, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Сағынбек Стамов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Нұртай Зайнуллин қатысып, сөз сөйледі.

Жиын барысында сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанынан құрылған депутаттық фракцияның 2017 жылға жұмысы туралы және фракция жұмысының 2016 жылғы атқарған уақыты бойынша бағалануы, бағалау жүйесінің ережесін түсіндіру туралы фракция жетекшісі Асхат Молдағалиев баяндама жасады.

Отырыс барысында аудандық мәслихат депутаты Тахир Қадимов фракция мүшелерінің жұмыс жоспарын құру, бекіту жөнінде мәлім етті. Күн тәртібінде қаралып, талқыланған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.

                                                                                  Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале