4.01.2019, 12:58
Оқылды: 69

Егіндікөлдің түлектері мектепке тарту жасады

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы шеңберінде Қаратөбе ауданы Егіндікөл мектебінде ізгі іс жүзеге асты.

ruhani jANGYRU (2)

Егіндікөл мектебін 1994 және 1996 жылы тәмамдаған түлектері «Туған елге тағзым» ұранымен білім ордасына демеушілік жасады.

Мектепті 1994 жылы аяқтаған түлектер ұлттық мұраны, дәстүріміз бен мəдениетімізді жаңғыртып мектеп оқушыларына 10 дана домбыраны сыйға тартты.

Аға-апаларының қамқорлығын құп алған домбыра үйірмесінің шәкірттері сыйға тартылған домбыралармен «Ерке сылқым» күйін орындап берді. Домбыра үйірмесінің жетекшісі Саяжан Сағынованың шәкірттерімен орындаған күйлерін көрген меймандар өнерлеріне ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ 1996 жылғы түлектер де жалпы құны 315 мың теңге тұратын музыкалық аппаратты сыйға тартып, мәрттік танытты.

Егіндікөл мектебінің директоры Ақмарал Мұқанова талантты балаларға мүмкіндік сыйлағаны үшін түлектерге ұжым атынан алғыс білдіріп, алғыс хат табыстады.

ruhani jANGYRU (1)

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

 

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале