27.02.2017, 16:03
Оқылды: 29

Ел біріншілігіне 10 жолдама алды

Ақсай қаласында тоғызқұмалақтан Батыс Қазақстан облысының жасөспірімдер арасындағы жекелей чемпионаты өтті. Сайысқа  8 команда, 100-ден астам спортшы қатысты.


Тартысты жарыста Жаңақала аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары да жүлделі орыннан көрінді. Қайрат Маратұлы жаттықтыратын тоғызқұмалақшы өрендер жарыс нәтижесінде Семей қаласында өтетін ел біріншілігіне 10 жолдаманы жеңіп алды.

Жеңімпаздар диплом,естелік сыйлық және арнайы медальдармен марапатталды.

Алтынбек СЕРІКҚАЛИҰЛЫ

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале