8.06.2017, 11:30
Оқылды: 84

Еламан - «Шекара қызметінің үздігі»

Жаңақалалық Еламан Рахимов Отан алдындағы әскери борышын өтеу кезінде жеткен жетістіктері үшін ІІ дәрежелі «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.


Әскери борышын абыроймен өтеп келген Еламанға төсбелгіні Жаңақала аудандық қоғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, капитан Ербол Жұмағазиев табыс етті.

Еламан 1997 жылы 3 наурызда Жаңажол ауылында дүниеге келген. Бала кезінде ата-анасымен бірге Жаңақала ауылына қоныс аударған. Жастайынан спортты серік қылған Еламан колледж қабырғасында жүріп кір тасын көтеру, қазақ күресі, волейбол сынды спорт түрлерінен бірнеше мәрте жеңімпаз атанады. 2016 жылы Ақтау қаласындағы шекара қызметі 20/18 әскери бөліміне алынған Еламан Махамбетұлы Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып қана қоймай, қоғамдық, соның ішінде сарбаздар арасындағы спорттық шараларға белсене араласқан.

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале