20.04.2017, 16:32
Оқылды: 25

Елбасы мақаласына байланысты жайттар баяндалды

Жәнібек ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды. 


Басқосу барысында сөз алған «КазИИТУ» білім-ғылым кешенінің ректоры Әліби Баяхов Елбасының мақаласы ауқымында аталған білім ордасында бірқатар жұмыстар атқарылатынын айтты. Оның сөзінше, былтыр басталған зымыран жобасы бойынша ғылыми топ жұмыс істеуде.

- Бөкей Ордасы, Жәнібек, Жаңақала, Қазталов аудандары «Капустин-Яр» полигонына жақын орналасқан. Алдағы уақытта бұл бағытта көрмелер ұйымдастырылып, мақалалар жинағы шығарылып, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өтеді, - деді Ә.Баяхов.

«Ресей ғарыш» журналының тілшісі Валентина Полетаева «Капустин-Яр» полигонынан 1947 жылы 18 қазанда бірінші ракета ұшырылғандығы туралы деректерді алға тартты. Конструктор Сергей Королевпен қызметтес болған қазақстандық жолдастары туралы сыр шертіп, сарғайған фотосуреттер тарихынан мәліметтер қозғады.

Ал КазИИТУ білім-ғылым кешені аудит тобының басшысы Айболат Сейтақов Елбасы мақаласындағы рухани құндылықтар жайында мазмұнды әңгіме өрбітті. Оның айтуынша, аталған білім кешенінен «Нарын» атты шағын топ құрылған. Бұл топ Бөкей Ордасы, Жәнібек сияқты аудандарға полигоннан зардап шеккен аудандар мәртебесін алып беру мақсатында жұмыстанбақ екен.

Н.Жапақов
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале