28.02.2017, 20:28
Оқылды: 39

Елбасына алғысымыз шексіз

Алгыс айту                 Дәл осындай атаумен орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлерінің ұйымдастырумен дөңгелек үстел болып өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары А.Тоқжанов, «Нұр Отан» партиясы Теректі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары В.Мукашев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Хусаинова, аудандық ОКЖ директоры М.Лукманова, ауданымыздың құрметті азаматтары А.Попов, М.Төлегенов және түрлі ұлт өкілдері қатысты.


 

Дөңгелек үстел 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай дайындалған бейнероликпен басталды. Одан соң аудан әкімінің орынбасары Алтай Серғазыұлы сөз тізгінін алып, аталмыш мерекенің маңыздылығы мен өскелең ұрпақ тәрбиесін нығайтудағы рөлі турасында сөз қозғады. Сонымен қатар, аудандық ОКЖ кітапханашысы С.Мырзағалиеваның дайындаған баяндамасы да тыңдар құлаққа тартымды болғанын айта кеткен жөн.

Ауданымыздағы №2 саз мектебі оқушылары дайындаған сазды сәлемдер көңілді көтеріп, жас таланттардың өнері таңдай қақтырды. Расымен, дөңгелек үстелге «Елбасына алғысымыз шексіз» деген тақырыптың таңдалуы тектен тек емес сыңайлы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясаты арқасында еліміз әлемге танылып, 130-дан астам ұлтқа пана болып отыр. Әлем таныған Қазақстан үшін барша қазақстандықтар Елбасына рахмет айтуы өте орынды.

Әділет Зере

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале