23.10.2017, 12:34
Оқылды: 20

Емдеу-диагностикалық пойызы тасқалалықтарға медициналық көмек көрсетуде

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ әлеуметтік жобасына сәйкес өңірді аралап жүрген «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған емдеу-диагностикалық пойызы Тасқала ауданына ат басын іркіп, тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіп жатыр.

– Пойыз заманға сай емдеу құралдарымен, шағын ота жасау бөлмесі, зертхана, телемедициналық конференция өткізу үшін байланыс құралы мен ғаламтор желісіне қосылу құрылғыларымен қамтамасыз етілген.  Негізінген кеңес беру, ауруды алдын ала анықтау бағытында дәрігерлік көмек көрсетеміз. Терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, оториноларинголог, педиатр, гинеколог, невропатолог, эндекронолог дәрігерлері таңғы сағат 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс жасайды. Барлық мамандар Орал қаласының теміржол госпиталының дәрігерлері. Өзіңіз көріп тұрғандай келіп жатқан адамның қарасы тым көп, - дейді пойыздың бас дәрігері Лұқпан Рахатов.

Бұл пойыздың шалғай ауылдағы ағайындар үшін ауадай қажет. Оған түскі асқа бармай вокзал басында кезек күтіп тұрған тұрғындар нөпірі куә.

Айта кетейік, «Саламатты Қазақстан» пойызы  24-25 қазан күндері «Семиглавый Мар» бекетіне аялдайтын болады.

Е.ЕЛЕКЕНОВ,

Тасқала ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале