21.01.2019, 18:47
Оқылды: 21

Қараөзенде балабақша, мәдениет үйін салу жоспарда бар

Қазталов ауданы Қараөзен ауылдық округінде атқарылған шаруалармен, алда тұрған міндеттері жөнінде ауыл әкімі Мұрат Рахметуллин баяндады.

qaraozen (1)

Өткен жылы «Ақбұлақ» аясында ауыл тұрғындары толықтай ауыз сумен қамтылған. Ауыл әкімінің айтуынша, Серік елді мекенін көгілдір отын тарту жұмысы басталып кеткен.

 Округке қарасты Жас елді мекеніндегі ауылдық клубты күрделі жөндеу, Жүзбай, Әлкеш, Қожантай, Қадер қыстақтарының бағытындағы электр жарығының трансформаторын жаңарту сынды мәслелер күн тәртібінде тұр.       Құлақ елді мекеніндегі жолдарды көтеру, ауылдың орталығына жаяу жүргіншілер жолын салу қажеттігі, ауыз судың ащылығы айтылды. Ауыл әкімінің биылғы жоспарында ауылды көгалдандыру, жарықтандыру, шағын және орта бизнес бойынша автокөлік жуу бекетін ашу бар. Түлектердің көмегімен балалар ойын алаңын салу, «Қараөзен» атты композиялық белгі орнатылмақ.

 Абат Абайұлы ауданда үш бағыт бойынша көгілдір отынмен қамту жұмыстарының басталып кеткендігін айтты. Сонымен қатар балабақша, мәдениет үйін салу жоспарда бар екенін сөз етті. Аудан әкімі мал шаруашылығымен айналысатын өңір болғандықтан мал басының санына емес, асылдандыруға көңіл бөлу қажет екенін жеткізді.

Тұрарбек Қайырғалиұлы,

Қазталов ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале