27.07.2020, 16:33
Оқылды: 70

Қаратөбе аудандық ауруханасына төрт оттегі концентраторы табысталды

Бүгін Қаратөбе ауданы әкімі орталық ауруханада болып, төрт оттегі концентраторын табыстады.

A3E199B9-AD63-444B-893D-B430D33C5076

Айта кету керек, аталмыш құрылғылардың біреуін «Сұңқар» ШҚ жетекшісі Айбар Біралиев, біреуін «Жолымбет» ШҚ, мемлекеттік қызметкерлер бір дана және өзге де кәсіпкерлер бірлесіп, бір дана оттегі концентраторын алып берді.

-Жанашыр азаматтар науқастарға үлкен көмек көрсетуде. Қазір еліміздегі жағдай күрделі. Осы сәтте бізге керек басты құрал –  оттегі концентраторы еді. Бұл аппараттар бізге, науқастарға үлкен көмек болды. Сол үшін осындай игі іс жасаған азаматтарға алғысымызды айтамыз. Жақсылық жасаудан жерлестеріміз қалыс қалмауда - дейді аудан әкімі Жанат Асантаев.

Маралбек Сүлейменов,

Қаратөбе ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале