11.08.2020, 9:22
Оқылды: 65

Қаратөбе аудандық мешітінде кітапхана ашылды

Мешіт - Аллаға құлшылық қылар орын ғана емес, рухани ілім нәрімен сусындататын адамның рухани ой-өрісі мен парасат-пайымын, дүниетанымын қалыптастыратын рухани білімнің де ордасы.

43BAC0BA-E804-4DA5-BE5E-249A2981FB8C

Ислам діні - ең бірінші кезекте адам баласының білмеген нәрсесін үйренуіне, ақ пен қараны, арам мен адалдың аражігін тануға, Құран оқып, Алланы танытуға дәнекер болатын діңдердің төресі.

Оқу демекші, қазақ топырағында да небір оқымысты да дана ғұламаларымыз ғалым деңгейіне, ғылымның соңынан түсіп, іздену, кітап оқу арқылы ғана биік мақсат-мұраттарға жетті. Бір ғана орта ғасырдағы Отырар кітапханасы исі қазақтың алтын тарихы мен дәуірін, қазақылықтың түпкі тарихына дейн қопарып жазылған шежіреге толы дастандар, тарихи қолжазбалар сақталған орын болса, сол кітаптар қазіргі күнге дейін жетпегені ақиқат дүние.

Өкінішке орай, тарихта белгілі болғандай, моңғол-татар шапқыншылығы кезінде Отырар кітапханасы толығымен отқа оранған болатын. Қазіргі кітапсүйер, көз майын тауысып, таңды-таңға жалғап кітап оқып жүрген оқымыстыны кезіктіре аламыз ба? Балаларымызды қаншалықты кітап оқуға баулып отырмыз? Әлде қазіргі кітаптардың орнын планшет немесе ұялы смартфон-телефондар басты ма? Бұл әлі де ой-санамызда қылаң берер өткір мәселе.

     Жоғарыдағы айтылған мәселелерді саралай келе, жастардың имани, Отанын сүйер азамат болып өсуі, кітап оқуынан мешітте имани ортада, таза ортада, тыныш ортада, бір Аллаға сыйынып кітап оқып, білімін жетілдіру болатыны анық.

Биыл Қаратөбе аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Әділжан Төлебайұлының бастамасымен аудандық мешіт ішінен кітап қоры жасақталып, халық игілігіне беріліп отыр. Ауданның бас имамы жастардың ғана емес, аудан тұрғындарының діни һәм зайырлы сауатын ашу жолында аянбай тер төгуде. Өзі білімді ғана игеріп қана қоймай, өзгені де білімге ұмтылдыруға құлшынып жүр. Қаржы қиыншылықтарына қарамастан осынша кітапхана қорын жасақтау - Аллаға шын жақын адамның қолынан келетін іс. Әділжан Төлебайұлы осы ретте кітапхана қалың бұқара аудан жұртшылығына арналып жасақталғаның тілге тиек етті. Бұнда әр оқырман кітап сөрелерінен өзіне жеңіл, қалаған тақырыптарында кітап оқып, сауатын аша алады. Кітап сөрелерінде тек діни кітаптар ғана емес, сонымен қатар шешендік өнер, тарихи кітаптар, қазақ әдебиетіне арналған кітаптар да қойылып отыр. Ертеңгі күні кітапоқыр азаматтар көбейсе, біздің жұмысымыздың еленгені деп білемін. Осы ретте әр аудан тұрғыны үйінде оқусыз бос жатқан қандай да болсын сирек кездесетін кітаптарын осы кітапханаға тапсырып, аудан мешіті кітапханасының кітап қорының молаюына септігін тигізсе екен деп сөзін түйіндеді.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале