8-707-808-48-55
Қаратөбе ауданында пробация бақылауы өтуде

orig_9710085569Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың қайта құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Қаратөбе аудандық пробация қызметі мен аудандық ішкі істер бөлімі бірлесе отырып, алдын ала құрылған жоспарға сәйкес жұмыс атқаруда. Есепте тұрған, қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталғандардың тұрғылықты жері, жұмысы,  әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексерілуде.

- Қаратөбе  аудандық пробация қызметінде жалпы есепте тұрғандар саны 15 адам. Оның 12-сі бас бостандығын шектеу жаза мерзімін өтеуші, 2-еуі көлік құралын жүргізу құқығынан айыру бойынша жазасын өтеуші болса, қалған 1-еуі қоғамдық жұмыс есебінде. Есепте тұрған барлық сотталғандарға бақылау жасалып, оларға ықпал ете алатын немесе олар жайлы мәліметтер бере алатын туыстары мен көршілерінен түсініктеме, анықтамалар алынуда. Тексеріс нәтижесі бойынша жазасын өтеушілер қателіктерін түсініп, түзелуге бет алып келеді, - дейді Қаратөбе аудандық  пробация қызметінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Нұржан Есқара.

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы