15.12.2017, 15:33
Оқылды: 34

Қаратөбеде мал сою кешені іске қосылды

Қаратөбе ауданында «Қоржын» мал сою кешені ашылды.

- Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында агрорлық секторды дамытуды басты наразға аударуды қажеттілігін айтқан болатын. Осы орайда елімізде қабылдаған агроөнеркәсіп кешенінің 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасында ауыл шаруашылығының, оның ішінде өңдеу кәсібін дамыту назарға алынған болатын. Бүгінгі күні іске қосылған мал сою алаңының біздің аудан үшін маңызы зор. Себебі, ауыл шаруашылығы өнімдерін ауданымызда, өз жерімізде өңдесек, өңделген өнім шығын мен құнды арзандатуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл нысанда бірқатар аудан тұрғындары жұмыспен қамтамасыз етіледі,-деп құттықтауын жеткізді аудан әкімі Жанат Асылханұлы.

-Кешенде ауысымына 30 бас ірі қара малы союға мүмкіндік бар. Жоба құны 118 млн. теңге. Бас жобалаушы «Сана Маркет» ЖШС болса, бас мердігер қызметін «Ural Caspian Constructin» ЖШС жүргізді. Несиелік қаражат 70 млн. теңге болса, 48 млн. теңге қаражат шаруашылығымыздың өз есебінен шығарылып қаржыландырылды, - дейді «Қоржын» шаруа қожалығының жетекшісі Қ.Мұқанов.

Заманауи талапқа сай салынған кешен мал сойылатын орын, мұздатқыш бөлмелері, мал дәрігері бөлмесі, лабораториямен жабдықталған.

Жаңа ғимараттың символикалық кілтін «Ural Caspian Constructin» ЖШС бас директоры Азамат Аймешов салтанатты түрде жеке кәсіпкер Құсайын Ізімұлына табыстады. Кешен ішін аралап көрген аудан басшылығы мен меймандар оң бастамаға ризашылықтарын білдіріп, еңбек жетістігін тілесті.

Ертай БИМҰХАНОВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале