3.04.2017, 12:40
Оқылды: 26

Қаратөбе халық театры «Жандауа» драмасын сахналады

 

Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығының жанындағы халық театры белгілі режиссер Болат Ұзақовтың “Жандауа” психологиялық драмасын халық назарына ұсынды.

Оқиға бір отбасында болады. Қалаға жіберіп оқытқан, басына үй алып беріп, ұшпаққа шығарады деген жалғыз ұл теріс жолға түсіп кетеді. Оның соңынан келген қарындасының да тірлігі оңбайды.

Нашақор жігіт үйдегі дүниені бір сәттік жандауа үшін сатып, жаудай тонайды. Әкесі мен шешесінің зейнетақысы өздеріне бұйырмайды. Анасының білегіндегі күміс білезікке жармасады. “Көненің көзі еді, құлыным!” дегеніне қарамай, қайтсем білектен шығарамын деп кейуананы есіктен төрге, төрден есікке сүйрейді. Ара түскен әкеге аш бөрідей атылады.

Қойылым құлаған шаңырақтың тағдыры арқылы қоғамның көлеңкелі тұстарын көрсете отырып, одан айығудың амалын іздейді.

Қойылым соңында аудандық мәдениет, тілдері дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мербол Есендосов театр ұжымына шығармашылық табыс тілеп, алғыс хат табыстады.

 

Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале