12.10.2017, 17:06
Оқылды: 22

Қаратөбеде контейнерлер орнатылды  

Қаратөбе ауданының орталығы Қаратөбе ауылының Мұхит және С.Датұлы көшелерінің бойына құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды жинау, сақтау және оларды  кәдеге жаратуға арналған  екі  арнайы контейнер орнатылды.

Аталмыш арнайы контейнерлер қоршаған ортаны  сынаптың зияндылығынан қорғауға арналған.  Сынаптың қоршаған ортаға, ауаға, суға таралмауына бірден-бір кепіл. Сондықтан бұндай контейнерлер орнатудың тіршілік үшін маңызы айрықша. Ендігі уақытта құрамында зиянды химиялық элемент сынап бар жарық шамдар, тағы да басқа істен шыққан тұрмыстық бұйымдар  кез-келген жерге тасталмай  аталмыш арнайы контейрлерге салынуы тиіс. Оның қоғам өміріндегі  пайдасы зор, - дейді аудандық ТҮКШ, ЖК жәнеАЖ бөлімінің жетекші маманы Нұрбек Ақсұлтанов.

Ерболат РАЙСОВ,

                                                                Қаратөбе  ауданы 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале