1.03.2019, 18:50
Оқылды: 23

Қаратөбеде «Отбасылық сот» жобасына арналған кеңес өтті

Бүгін Қаратөбе ауданында аудандық сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірованың төрағалығымен «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру мақсатында кеңес өтті. Кеңесте қанатқақты жобаны жүзеге асыру үшін алты тарап өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

sot

Жиында сөз сөйлеген Бақытгүл Жәңгірова тараптар Қазақстанның азаматтық және отбасылық заңнамаларына сәйкес адам құқығын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асырудың мәні туралы айтты.

         Аудандық сот, аудандық полиция бөлімі, аудандық білім беру бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық аналар кеңесі, Жусандыой ауылдық округінің кәсіпқой емес медиаторы арасында меморандумға қол қойылды.

         Бас қосуды қорытындылаған аудандық соттың төрайымы Б.Жәңгірова Алғыс айту күні мерекесіне орай әріптестік қарым-қатынаста нәтижелі жұмыс атқарып жүрген аудандық билер кеңесінің төрағасы О.Ермекқалиев, Жусандыой ауылдық округінің кәсіпқой емес медиаторы С.Оразов, аудандық билер кеңесінің мүшесі М.Қожахметовқа ризашылық білдіріп, алғыс хат табыстады.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале