7.08.2018, 16:22
Оқылды: 24

Қаратөбеде спорт алаңына жарық қосылды


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қаракөл ауылдық округінде өткен жерлестер форумында округ бойынша бес әлеуметтік жоба ұсынылып, ауыл перзенттері көмек қолын созуға уағдаласқан болатын.


қаратөбе жоба (1)

Көр кешікпей ауылдық жердегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ақтайсай ауылындағы спорт алаңын  электр жарығымен жабдықтау ісі қолға алынды.

Игілікті істі ағайынды Қуандық, Руслан Нұғымановтар жүзеге асырып отыр.

Күні кеше аталмыш жоба аясындағы жұмыстар өз мәресіне жетіп, спорт алаңында  электр жарығы қосылды. Жоба құны 300 мың теңгені құрайды. Енді жастар кешкі мезгілде де алаңда спортпен шұғылдана алады.

«Туған жер» бағдарламасы аясында ауылды көркейтуге бастамшы болып, елге ыстық ықылас танытқан ағайынды Нұғымановтарға округ әкімі Нұржан Сахипов ауылдастар атынан алғыс айтты.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

қаратөбе жоба (2)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале