31.07.2019, 19:11
Оқылды: 134

Қаратөбелік аналарға «Күміс алқа» табысталды

Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев көп балалы аналар сулыкөлдік Айнұр Мусина, аққозылық Бибігүл Раймова, саралжындық Айсәуле Төлеуғалиеваларды қабылдады.

IMG_0369

Қабылдау барысында аудан басшысы олардың хал-жағдайларын сұрап, еліміздің демографиясының көтерілуіне қосқан үлестері үшін ризашылығын  жеткізді.

Содан кейін Қазақстан Республикасының Президентінің 2019 жылғы 9 шілдедегі №55 Жарлығымен марапатталған көп балалы аналар Айнұр Мусинаға, Бибігүл Раймоваға, Айсәуле Төлеуғалиеваға «Күміс алқа» және оған қоса куәліктерін  салтанатты түрде табыс етті.

IMG_0372(1)

– Қаратөбе ауданында алтын құрсақты аналар қатары артып келеді. Ауданда 203 «Алтын алқа», 218 «Күміс алқа» және 6 «Ана даңқы» орденінің иегерлері бар. Бүгін көп балалы аналардың қатары тағы да толықты. Өмірдің мейірім бастауы, жер бетіндегі бар жақсылық атаулының барлығы ананың ақ сүтінен тарайды. Сондықтан аналардың қадір-қасиетін құрметтеуді төл парызымыз деп білемін.

Дені сау ұрпақты дүниеге әкелетін, еліміздің болашақ патриоттарын тәрбиелейтін Сіздер, аналар, аман болыңыздар. Бала-шағаларыңыз аман болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деді Жанат Асылханұлы.

«Күміс алқа» иегері  аққозылық Бибігүл Раймова мәртебелі марапатты табыс еткен Ж.Асылханұлына алғыс айтып, мемлекет тарапынан көп балалы аналарға көрсетіліп отырған жан-жақты көмекке ризашылығын білдірді.

Ерболат РАЙСОВ,

                                                                      Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале