20.04.2018, 16:31
Оқылды: 36

Қаратөбелік ардагер спортшылар сынға түсті

DSC_0790Астана қаласының 20 жылдығы, Қаратөбе ауданының құрылғанына 90 жыл толуына байланысты ардагерлер арасында  волейбол, үстел теннисінен аудан біріншілігі өткен болатын.

Ойын нәтижесінде үстел теннисінен І орынды Максим Мұқанов (Қоскөл ауылдық округі), ІІ орынды Қараш Алдаберген (Саралжын ауылдық округі), ІІІ орынды Ирина Шабдарова (Шөптікөл ауылы) иеленді.

Ал волейбол ойынан І орынға Саралжын ауылдық округінің  командасы ие болса, ІІ орынды Қаратөбе ауылдық округі иеленді. Шөптікөл ауылының командасы ІІІ орынға қол жеткізді.

Жекелей аталымдар бойынша «Ардагер спортшы» Жанболат Шарамиков  (Үшағаш ауылы), «Көрермен көзайымы» Зейнел Есенғазиев (Қоскөл ауылдық округі), «Үздік шабуылшы» Қараш Алдаберген (Саралжын ауылдық округі), Қали Мұқанов (Қаратөбе ауылдық округі) аталымдармен марапатталды.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале