6.10.2017, 14:55
Оқылды: 19

Қаратөбелік мұғалім ақындар сайысынан жүлделі оралды

Оралда мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына орай жас ақындар арасында «Рәміздер – отаншылдық сезімнің бойтұмары» атты үздік өлең-шығармалар байқауы өтті.

Қаратөбе ауданының намысын қорғаған Егіндікөл жалпы білім беретін мектебінің жас маманы Еркінғали Жұбанов жүлделі І орынан көрінді.

Байқау мемлекеттік рәміздердің мәртебесін көтеру, жастар арасында мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді кеңінен насихаттау, ұлттық рухқа, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, рухани-адамгершілік мәдениетті игерген, жан-жақты дамыған, жоғары интеллектуалды деңгейдегі жастарды анықтау мақсатында өткізілді.

Қатысушы үміткерлердің өнерін қазылар алқасы жолданған туындының тақырыпқа сәйкестілігіне, өлең-жырларындағы сөз қолданысына, ұйқасына, ой жүйелілігі мен тереңдігіне, көркемдік ерекшелігіне, мемлекеттік рәміздерді насихаттауына мән берді.

Еркінғали оқушы кезінен шығармашылық қабілетін шыңдап, түрлі дәрежедегі аудандық, облыстық деңгейдегі байқауларға қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүрді. Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебін 2010 жылы тәмамдап, 2010-2013 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжін, 2013-2016 жылдары Орал гуманитарлық техникалық колледжінің «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдады. Студент кезінде өлеңдері, облыстық «Жайық ұстазы» газетінде жарияланып жүрді.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале