27.11.2018, 16:24
Оқылды: 41

Қаратөбелік оқушылар спорттық бағдарлаудан сынға түсті

Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылдық округінде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай спорттық бағдарлаудан аудандық жарыс ұйымдастырылды.

 спорт (2)

Дүбірлі додаға Шөптікөл мектебі, Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Мұхит атындағы мектеп, Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының шәкірттері, Жусандыой ауылынан барлығы 70-ке тарта спортшы қатысты.

Жарыс «Спринт» және «Лабиринт» қашықтығында жас ерекшеліктері бойынша ерлер және қыздар болып сынға түсті. Ауданда алғаш рет ұйымдастырылған тартысты сайыс қызыққа толы болды.

 Екі қашықтық бойынша жалпы ұпай есептеліп, жүлделі орын алғандарға және жарысқы белсене қатысқан жастарға Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қолдауымен дипломдар және медальдар табысталды.

Ерболат РАЙСОВ,

Қаратөбе ауданы

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале