25.08.2017, 12:39
Оқылды: 57

Қаратөбеліктер оқу-жаттығу жиынына тыңғылықты әзірленген

Karatobe oku jattigu  Қаратөбе аудан орталығындағы оқу-жаттығу алаңында азаматтық қорғау күштері мен халықты төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындау жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, кешенді тексеріс және кешенді оқу-жаттығу жиыны өтті.

   Тұрғындарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі төнген және орын алған кездегі шұғыл жағдайларда әрекет етуге орай оқыту сабақтары, ауданның басқару органдарының жұмыс үйлесімдігін арттыру мақсатында штабтық жаттығулар өткізілді.


   Оқу-жаттығу барысын аудан әкімі Жанат Асантаев, ҚР ІІМ ТЖ комитетінің бөлім бастығы, подполковник Жәнібек Кәрімбаев қадағалады.

    Одан әрі штабтық оқу жатығулары Қаратөбе мектеп-гимназиясында, Шөптікөл ауылдық округінде жалғасты.

   Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайды жою жоспарларына нақты және де сақадай-сай болып, ерекше көзге түскен бірқатар ұжымдар марапатталды.

  Олардың қатарында аудандық байланыс торабы С.Зейнуллин, аудандық элекр торабы мекемесі Х.Мырзагерей, аудандық орталық аурухана В.Елеусінова ұжымы және аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Махамбет Қажыгеревтер бар.

Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале