30.05.2019, 17:32
Оқылды: 22

Қаражарда балалар алаңы ашылды

Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округіне қарасты Қаражар елді мекенінде балалар алаңы ашылды.

IMG_2183

         Алаңның іске қосылуына «Каменский» ЖШС демеушілік танытты.

-Бүгінгі шара Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Былтыр ауылға келер жол жөнделсе, биыл балалар алаңын іске қостық. Бұл сіздердің ұсыныс-тілектеріңіздің арқасында жүзеге асып жатқан бастама, - деді ауылдық округ әкімі Бекзат Бадақов.

IMG_2159

         Жаңа алаңның лентасын «Каменский» ЖШС-ның өкілі Марат Көбеков пен бүлдіршін Фархат Батыров қиды.

         Айта кету керек, жаңа алаңның құрылысына 300 000 теңге жұмсалған. Шара соңында «Каменский» ЖШС атынан балаларға тарту-таралғылар жасалды.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале