1.03.2017, 18:47
Оқылды: 47

Қариялар алғысына бөленді

Зеленов ауданы әкімі Кәрім Жақыпов Переметный ауылындағы қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесінде ғұмыр кешіп жатырған қариялар мен кейуаналрға барып, хал-жағдайларын білісті.


–Қарты бар ел - қазыналы ел. Алғыс айту күні құтты болсын. Бүгінгі ұрпақ кешегі әке-шешелер жасаған жақсылықтың қызығын көріп жатыр. Аға ұрпақ бүгінгі бейбіт Қазақстанның қалыптасуына зор үлесін қосты. Сондықтан да сіздердей бар өмірін еңбекке арнаған қариялар мен ақ жаулықты әжелерге алғысымызды білдіру перзенттік парызымыз. Әрқашан бүгінгідей қуанышты ғұмыр тілеймін баршаңызға,- деді құттықтау сөзінде аудан әкімі.

Кәрім Кәримоллаұлының құттықтау сөзінен кейін қарттар үйінің тұрғындарына аудандық саз мектебінің оқушылары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. «Ел мұра» халық аспаптар ансамблі орындаған күймен ашылған концертте Елдар Тастболат, Назерке Шүйінішқалиева, апалы-інілі Шищацкийлардың дуэті мен «Алтын-ай» скрипкашылар тобының көрсткен өнеріне қарттар ризашылығын білдірді.

Керемет концертке куә болған ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер де өз аттарынан рахметтерін айтып, қонақтарға ақ баталарын берді.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале