29.04.2019, 15:27
Оқылды: 21

Кәсіпкерлердің демеушілігімен жолға шамдар орнатылуда

Алматылық кәсіпкер азаматтар Елдос, Әйбек және Айдос Қоспаевтардың есімдері бүгінде Ақжайық ауданы тұрғындарына жақсы мәлім. Өйткені олар өздерінің атажұрты болатын ауданның бірнеше ауылына соңғы бір-екі жылда айтулы қайырлы істер жасап, ағайынның ақ тілегіне бөленді.

 5

         Мысалы, Қоспаевтар былтыр Мерген ауылының бір көшесін жарықтандырған еді. Енді міне, осы ауылға кіреберіс 2 шақырым жол бойына электр желісін тартуда. Трансформатор орнатылып, 47 бетон бағана, шам қондыру жұмыстары ойдағыдай жүргізілуде.

         - Ағайындылардың жанашырлығына жұрт ризашылығын айтуда. Елді қуанту – бақыт қой,- дейді Мерген әкімі Мәмбетқали Сағаденов.

Болат Қосжанұлы,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале