14.04.2017, 17:23
Оқылды: 25

Кәсіпкерлерге арналған бағдарлама

Еуропалық қайта құру және даму банкі Бөрлі ауданында пресс-тур ұйымдастырды.  Тұрғындарды еңбекпен қамту және бизнесті дамытуды көздейтін бұл  бағдарламаны Shell Kazakhstan қаржыландырырып келеді.


Бағдарламаның аудан көлемінде іске асқан төрт жылдың ішінде өңірде жергілікті кеңесшілермен 37 жоба іске асты. Батыс Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына кеңесшілердің қызметтеріне және оқытуды қолжетімді ету арқылы қолдау жасайды. Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстанның барлық аймақтарында осындай бағдарламалар арқылы бизнесті белсенді қолдауда. 2016 жылдың ақпанында Shell Kazakhstan  Бөрлі ауынында аталмыш бағдарламаның төртінші кезеңін іске асыруға 250 мың еуро бөлінген.

Өңірде іске асқан жобалардың нәтижелері: көмек алған кәсіпорындардың 72 пайыздың жылдық айналымын орташа 83 пайызға арттырды. Ал 49 пайыз кәсіпорын қызметкерлерінің санын 55 пайыз көбейіп, бағдарламаның аясында 45 жаңа жұмыс орны ашылған.

Тренинг ұйымдастырушы Бақытжан Мұхаммедияұлының сөзінше, бағдарлама басқа да кәсіпкерлерге көмек ұсынып келеді. Мәселен, 102 кәсіпкер бизнесті басқару бойынша тренингтерге қатысса, олардың 67 пайызы әйелдер екен.

Еуропалық қайта құру және даму банкі шағын және орта бизнеске тәжірибелі жергілікті және халықаралық кеңесшілердің көмегімен ноу-хау өткізіп, кәсіпкерлерге әлемдік дәрежедегі бизнестің даму тетіктері түсіндірілуде. Аталған тренингке Санкт-Перербург қаласындағы жоғарғы экономика мектебі орталығы директорының орынбасары  Сергей Олифиров арнайы келіп, жергілікті кәсіпкерлерге тренинг өткізді.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале