15.09.2017, 17:31
Оқылды: 28

Қазталов ауданында жерлестер форумы өтті

Қазталов ауданында «Туған жер» бағдарламасы аясында «Жерлестер форумы»  қолға алынған болатын. Осы орайда бүгін, яғни 15 қыркүйек күні Қараоба ауылдық округінде «Мен Қараобалықпын» атты жерлестер форумы өтті.

Форумға жиналған сол жердің перзенттері ең бірінші Алланың үйі мешітке бас сұғып, ата-баба рухына құран бағыштады. Сондай-ақ Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясындағы мұражайды аралап, өскен өлкенің тарихымен және  еңбек адамдарының  өмір дерегімен, сол жерде сақталған құнды жәдігерлермен танысты.

Осындай сәттерден соң,  туған жерге еңбек еткен ел ағалары дөңгелек үстел басында кездесті. Кездесуге жиналған ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Қыйзағалиев, ардагер ұстаз Е.Сарбупин, ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Р.Қайсағалиева, Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясының директоры Руслан Жұмағұлов, ауылдық кітапхананың кітапханашы Лаура Бердіғалиева, Қараоба ауылдық округі бойынша жастар ресурстық орталығының кеңесші маманы Жәдігер Мұқашев  тағы да басқа ауыл азаматтары өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.

Дөңгелек үстел барысында балалар ойын алаңдарын салу, «Денсаулық» клубын  іске қосу, ауылға  кіре-беріс жерді жарықтандыру сияқты елдегі жанашыр ағаларға қозғау салатындай түрлі мәселелер айтылды. Солардың ішінде ауылдың ішкі сәні ретінде қараобалықтар  «Мен Қараобалықпын» атты жарықтық диотты бүгіннен бастап қолға алып, жоспарды жүзеге асыруды бастап та кетті. Осы игі іске алғашқы болып сол жердің перзенті,  кәсіпкер  Мұса ағамыз 100 мың теңге қаражатын берді.  Міне, тамаша!

-Біздің мақсатымыз өзіміздің туған ауылға өзіндік қолтаңбамызды қалдырып, осындай игі істі жасауды қолға алу болатын. Бұл біздің туған елімізге деген құрметіміз, сыйымыз деп білемін. Әрбір перзенттің туған жері көркейіп, жылдан-жылға жандана берсе, содан асқан бақыт жоқ шығар, сірә! Мен ауылымның әр бастамасын әрқашан қолдаймын, -дейді кәсіпкер Мұса  ағамыз.

«Мен Қараобалықпын» атты жерлестер форумында  естелік сыйлықтар табысталып, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

 Жұлдыз АСҚАР

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале