28.11.2017, 10:15
Оқылды: 34

Қазталов ауданында жолдар жаңа технология бойынша салынады

Бұл жөнінде аудан әкімдігінде өткен мәжілісте айтылды.

Мәжілісте ауданға арнайы келген «СтройИнтеграция» ЖШС-нің өкілі Константин Моряк жаңа технологиямен жасалған, жол көтеру жұмыстарында пайдаланылатын ұнтақталған және сұйықтық тәріздес компоненттік материалды таныстырды. Бұл материал бұрын-соңды  Қазақстанда қолданылмаған. Польша мен Швецария технологиялары бойынша жасалған, суға езілмейтін цемент тәріздес ұнтақ. Ресейдің Химки заводында өндіріледі екен. Болашақта бұл жаңа ұнтақты пайдалану арқылы ауданға қарасты Талдыапан ауылындағы 21,9 шақырым, Бостандықтағы 12,7 шақырым, Әжібай ауылындағы 5,5 шақырым кіреберіс және ішкі жолдары күрделі жөндеуден өтпек. Бұл жаңа технологиямен жасалатын жолдың құны да қара жамылғыдан үш есе төмен болады. Бір шақырымға 60 млн шамасында қаржы жұмсалмақ. Осы үш елді мекендердің жолдарын жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда.

Сонымен қатар мәжілісте аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Ислямов ауданымыздағы кіреберіс және ішкі жолдарын күрделі жөндеуді қажет ететін, жобалық-сметалық құжаттары дайын жобаларды таныстырды. Бұл жобаларға кіретін Жаңажол, Жалпақтал ауылдарындағы кіреберіс және ішкі көшелеріндегі 7,4 шақырым жол, Қазталов ауылындағы ауылішілік 6 көше 3,2 шақырым жол мен Жалпақтал ауылындағы 4 көшеге 2,7 шақырым жол жасау. Бұл жолдарға қара жамылғы төселіп, барлығы 1 млрд 123 млн 660 мың 6 теңге қаражат керек.

Жоғарыда жазылған және осы жобаларға тиісті қаражат бөлінсе, ауданынның инфрақұрылымы жақсара түспек.

Қайрат ЖАҚЫП,

 Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале