2.02.2018, 13:18
Оқылды: 21

Қазталов ауданының әкімі алдағы жобаларымен бөлісті

Өткен жылғы атқарылған жұмыстары жайлы есеп берген Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков алдағы жобалары жайлы да баяндап өтті. Жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Әкім өз баяндамасында 2018 жылға жобаланған біраз жұмыстарға тоқталды. Атап өтсек, Жалпақтал, Қараөзен, Ақпәтер, Қайыңды, Жаңажол, Танат, Талдыапан, Сарықұдық, Қайшақұдық, Қособа ауылдарындағы ауыз су жүйесі құрылысын аяқталмақ.

Қазталов және Жалпақтал ауылдарындағы 10 көшенің (5,8 км) жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінген, конкурс жүргізілуде.

Қазталов ауылында 94,892 млн. теңгеге саз мектебінің құрылысы жобаланған. Бозоба-Қайыңды бағытындағы Қараөзен өзені арқылы өтетін қалқымалы өткел, Қайыңды, Болашақ, Қараөзен, Көктерек және Жаңажол ауылдарында 45 млн. теңге қаржыға футбол ойын алаңдарын салу да осы жылдың еншісінде. Әкімнің айтуынша, 4 ауылға мал сою аландары және мал қорымдары салынбақ.

Сондай-ақ әкім баяндамасында жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталып жатырған біраз нысандар келтірілген. Мәселен Қазталов ауылында 900 орындық мектеп, Сарықұдық ауылында 60 орындық мектеп, Қараөзен ауылында 60 орындық балабақша салуға жобалық-сметалық құжат жасақталуы басталса, Жұлдыз ауылындағы 108 орындық мектеп құрылысының жобасы аяқталуда. Қазталов ауылына Лекер бірінші су көтергіш станциясынан су құбырын  тарту, Көктерек, Қарасу ауылдарын сумен жабдықтау жобасы жасақталуда.

13 елді мекенді газбен қамтуға арналған (Көмекші, Көктерек, Оразғали, Жұлдыз, Серік, Сарықұдық, Қайшақұдық, Талдыапан, Қособа, Кішкенешал, Талдықұдық, Кішіталдықұдық, Бейістерек) 3 жоба, жалпы құны 1,653 млрд теңгеге жобалары аяқталуда. Талдықұдық, Жас ауылдарың ұялы байланыс мұнарасының орнатуға құжат жасақталуда.

Қазталов және Жалпақтал ауылдарындағы қатты тұрмыстық қалдықтар сақтайтын полигондар құрылысы жобалық құжаттары аяқтала келген. Аталған ауылдардың көше жарықтарын қуат үнемдегіш шамдарға ауыстыру көзделіп, «Smart сity» жобасы аясында көшелерді бейнебақылау жүйесіне қосуға жоба жасақталуда.

zhaikpress.kz

Сурет: Айбатыр Нұраш

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале