28.11.2018, 13:16
Оқылды: 53

Қазталовта халықаралық жастар форумы өтті

Қазталов ауданында «Жас. Жалын. Жаңғыру» тақырыбында халықаралық жастар форумы өтті.

qaztalov (2)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Форумға БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Белен Әшімов, «Жас Отан» жастар қанаты БҚО филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев, Ресей Федерациясынан жастар қатысты.

Қонақтар арнайы ұйымдастырылған көрмед ұлттық жәдігерлер, мектеп оқушылары құрастырған роботтарды көрді. Жастар қоғамдық бірлестігі мен жастар ресурстық орталығы атқарған жұмыстары мен алға қойған жоспарларымен танысты.

Естелік ретінде ресейлік қонақтарға ою-өрнекпен көмкерілген бойтұмар сыйға берілді. Форумда аудан әкімі Абат Шыныбеков:

- Өздеріңізге белгілі Елбасының Жарлығымен келесі жыл «Жастар жылы» аталып отыр. Болашақтың негізін қалайтын жастар. Бұны Елбасы өзінің Жолдауларында үнемі айтып келеді. Жастарға артылатын міндет көп деп, - аудандағы жастар ұйымдары атқарып жатқан жұмыстар жөнінде әңгімеледі.

Форумда ой бөліскен Нұрғали Қаршығаұлы, РФ, Саратов облысы Алексанрово-Гай муниципалдық ауданының «Жастар одағы» ҚБ төрайымы Наталья Котова, «Кемел» жарнама агенттігінің директоры Ерғали Сұлтан жастардың бүгінгі заманда кез келген өзгеріске дайын болу қажеттігін, әсіресе, инновациялық-технологиялық құрылымдарды пайдалануда алда жүру қажеттігіне тоқталды. Пікір айтып, ұсынысын ортаға салған «Ақбота» шаруа қожалығының жетекшісі Қуаныш Ермеков Ресейде өткізілетін «Мәрмәр ет» фестиваліне қатысуға ниетті екенін жеткізсе, «Жәмила» тігін ательесінің жетекшісі Жәмила Өтепқалиева жеке кәсіп ашуға мемлекеттік бағдарламалардың тиімді екенін айтып өтті.

Форумда ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының БҚО филиалы мен «Жас Отан» ЖҚ филиалының бірлесе ұйымдастыруымен жастар арасында өткен «ELTANYM» жобасына қатысып, 2 орын алған Қазталов ауданы және жеңімпаз атанған жас жоба жетекшілері марапатталды.

Айта кету керек, оған ауданнан 5 жоба ұсынылды. Олардың қатарында «Жүрекке жылу сыйлаған мейірімділік» жобасы (жетекшісі Жұлдыз Асқарқызы), «Нағыз қазақ – домбыра» жобасы (Әсемгүл Жұмабаева) мен «Ауыл шаруашылығын дамыту және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, жастарға бағыт-бағдар көрсету, жағдайы орташа адамдарға көмек қолын беру» жобасы (Бекзат Айтмағамбетов) бар.

Жастар форумында арнайы Үндеу қабылданды.

qaztalov (3) qaztalov (6)

IMG_1603 IMG_1647

IMG_1531

Тұрарбек АҚМУРЗИН,

Гүлнұр ҚАЗБЕК,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале