25.05.2020, 18:36
Оқылды: 44

Казталовта жаңа бағдаршамдар қойылды

Казталов ауданы көшелері жаңа жол белгілерімен толықтырылуда. Тәулік бойы ерсілі-қарсылы ағылған көліктердің қозғалысын реттеу үшін жол белгілерімен қатар бағдаршамдардың да атқаратын рөлі ерекше, онсыз көше қиылыстарында көлікпен жүру мүмкін емес.

60D3C2D6-30C3-4FA2-A78E-E70D35360C37

Жаңа бағдаршамдар Желтоқсан мен Сәкен Сейфуллин көшесі және Сағит Садықов пен Шарафутдинов көшелерінің бойы («Дәулет» және «Перекресток» дүкендері жақ) қиылысында жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіз және тиімді қозғалу деңгейін арттыру мақсатында орнатылды.

Көше қиылыстарында осындай бағдаршамдар болса, жол көлікке де, жаяу жүргіншіге де қауіпсіз болар еді. Бұл мақсатқа жеткілікті қаржы бөлініп, мердігер ретінде «Жайық жарығы» ЖШС таңдалды. Енді бұл жолдарда көлік қозғалысы қауіпсіз әрі бұрынғыдан гөрі тәртіпті сақтауға мүмкіндік бермек. Ауданымыздың басты көшелеріндегі бағдаршам өзгерістері жол-көлік оқиғаларының азаюына және жол ережелерінің мұқият сақталуына ықпал етеді. Ауданда бағдаршамдардың орнату – жол-көлік апатының алдын алудағы маңызды шаралардың бірі.

Масаң күйінде көлік жүргізіп, жолда орналасқан белгілерді түйіп кететіндердің құлақтарына алтын сырға.

Диана Бақсық,

Казталов ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале