29.12.2020, 9:44
Оқылды: 57

Казталовтық жастар алғыс хатпен марапатталды

28 желтоқсан күні Казталов аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбішева аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Айша Уәлиоллақызы Еріктілер жылында жастардың атқарған жұмыстарын жоғары бағалайтындығын жеткізіп, ризашылығын білдірді.

IMG_9361

- Жалпы биыл әлем елдері үшін де, мемлекетіміз үшін де оңай жыл болмады. Дегенмен ерікті жастарымыз бен белсенді азаматтарымыздың, қоғам жанашырларының арқасында бұл қиындықты да еңсердік. Әсіресе жастардың жыл ішінде атқарған жұмыстарының жоғары деңгейде екендігін ерекше атап өткім келеді. Серпіліс бар екендігін байқай отырып, әрмен қарай да халықтың игілігі үшін аянбай еңбек ететіндеріңізге сенімім мол. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деп жастарға сенім білдірді. Сондықтан мен сіздердің жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңіздің жемісін көруді тілеймін, - деді.

IMG_9341

Құттықтаудан соң ұсыныстар айтылып, бірқатар мәселелер талқыланды.

Кездесу соңында Айша Уәлиоллақызы Аңсар Ибраев, Айбек Көшеғалиев, Бексұлтан Ғилым, Мұқағали Шоқпанов, Сейітжан Мақсотов, Әлібек Сартөк, Нұргелді Камаледеновке өңіріміздің даму жолында жастар саясатының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Егізбаевтың алғыс хатын табыс етті. Кездесуде санитарлық талаптар сақталды.

Асылбек Байғазиев,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале