18.08.2017, 12:52
Оқылды: 35

Қазталовтың қос ауылында футбол алаңы ашылды

Қазталов ауданында 2015 жылы спорт кешені бой көтерген болса, былтырғы жылы үш ауылдық округте шағын футбол алаңдары салынды. Ал биылғы жылы да «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен аудандық бюджет есебінен 48 млн теңге қаражат бөлініп, алты ауылдық округте шағын футбол алаңдарының құрылыстары басталып кетті.


18 тамыз күні спорт күні қарсаңында Бостандық ауылдық округінің орталығында осындай шағын футбол алаңының құрылысы аяқталып, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді. Бұл алаңның құрылысына 9 млн 124 мың теңге қаражат жұмсалып, құрылыс жұмыстарын «АзияМегаСтрой» ЖШС жүргізіп, сапалы аяқтаған. Алаңның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Абат Шыныбеков ауыл тұрғындарына құттықтау тілегін жеткізді.

18 тамыз күні тағы бір шағын футбол алаңы Қарасу ауылында ашылды. Бөлінген 9 млн 125 мың қаражатты игерген «Астол» ЖШС құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтаған. Футбол алаңының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі алаңда бірінші болып доп тебудің құрметіне ие болды. Футбол алаңында Қарасу, Жұлдыз, Бостандық, Сатыбалды ауылдары командалары теңбіл допты отаға салып, мықтыларды анықтап жатты. Қарасулықтардың қуанышында шек жоқ десе болады.

Қайрат Жақып

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале