23.02.2018, 16:01
Оқылды: 23

Кейуанаға құрмет көрсетті

Жаңақала ауданының әкімі Н.Қарағойшин тоқсанға толған Айтжан Рахметова кейуанаға құрмет көрсетті

Еңбек ардагерінің көп жылдар еткен еңбегін бағалаған аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы құттықтау хат пен естелік сыйлық табыстап, ізгі лебізін арнады. Кейуананы басқа да азаматтар құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдіріп, ұзақ ғұмыр тіледі. Айтжан әже құттықтап келгендерге ақ батасын берді.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале