14.08.2017, 10:47
Оқылды: 22

Киік атқан тұрғын 3 жылға сотталды

 

Жәнібек аудандық ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция жедел уәкілдері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлескен  жедел іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Күйгенкөл ауылының тұрғыны Б есімді тұрғыны ұсталды.


Оның 1 бас киік серкесін аңшылық қару арқылы атып, мүйізін кесіп алып, өз үйінде сақтағаны анықталды.

-Ұсталған күдіктінің іс-әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен, яғни жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, тасымалдау немесе жою белгілерімен сараланып аудандық соттың үкімімен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сондай-ақ мемлекет пайдасына 3403500 (үш миллион төрт жүз үш мың бес жүз) теңге материалдық залалды өндіру туралы шешім қабылданды,-дейді аудандық ішкі істер бөлімінің криминалды полиция тобының жедел уәкілі, полиця капитаны М.Бапақов өз сөзінде.

                                                                  Н.Өтей

Жәнібек ауданы

            zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале