25.02.2020, 16:21
Оқылды: 141

Киіктер жайылымдар мен шабындықтарды таптауда  

Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімі Азамат Сафималиевтің төрағалығымен облыстың оңтүстік аудандарында киіктердің жайылымдық және шабындық жерлерді таптау мәселесі бойынша өткен жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты.
zhugyla (2)

zhugyla (3)

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық мәслихаттың депутаты, жәнібектік Ескендір Елемесов, Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев, «Охотзоопром» РМКК басшысының міндетін атқарушы Талғат Қошанов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Манарбек Қаташев, аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов, Қазталов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Меңдіхан Қалықұлы және тағы басқалар сөз сөйлеп, киіктердің шабындық жерлерді таптауын алдағы уақытта болдырмау бағытында  өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Г. АСҚАРҚЫЗЫ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале