25.05.2018, 17:48
Оқылды: 64

«Қысылғаннан қыз болдық» қойылымы жаңақалалықтардың көңілінен шықты

Жаңақалада «Заман» драма үйірмесі Сәкен Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» музыкалық-комедия қойылымын көрермен назарына ұсынды. Жеңіл әзілге құрылған комедия жанрындағы қойылымның оқиға желісі ауыл өнерпаздарының шытырман оқиғасын алға тартқан.

Спектакльге қысқаша тоқтала өтсек... Ауылдағы Мәдениет үйінің жетістікке жетуіне үлкен мүмкіндік туып тұр. Ол үшін ән айтатын топ құрамы түгел болса болды. Ең басты талап – топ мүшелерінің барлығы қыздардан тұруы керек. Ал Алтынбек сол топтың бас әншісі. Енді қайтпек? Тығырықтан шығудың жолын іздеп, ақыры Алтынбек қыздың ролін керемет сомдап шығып, нәтижесінде шет елге жолдама алады.Қойылымның негізгі халыққа жеткізгісі келген ойы – ауыл адамдарының да үлкен сахналарда өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие бола алатындығы.

Мал дәрігерін сомдаған Жұматтың рөлін Айдар Сатыбаев сомдаса, ауыл әкімі Ыбырайдың образын Рақымжан Төлегенов жоғары деңгейде шеберлікпен ойнап, көрерменнің де көңілінен шықты. Спектакльдің сәтті шығу жолында бастан аяқ жетекшілік еткен Райгүл Рамазанова халықтың қошеметіне бөленді.

Спектакльді жылы қабылдаған көрермендер қыран-топан күлкіге қарқ болып, театр актерлеріне қол соқты..

Айтолқын АСҚАРҚЫЗЫ

Жаңақала ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале