8.09.2017, 10:41
Оқылды: 23

«Қыз Жібек» ансамблін қабылдады

Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков «Қыз Жібек» ансамблін қабылдады.

Дарынды ұстаздар Баян Қабиева мен Асылхан Болтанов жетекшілік ететін термешілер ансамблі 2013 жылы Жалпақтал өнер мектебі жанынан құрылып, содан бері бұл ансамбльге Жалпақтал ауылындағы қос білім ордасынан талантты да талапты оқушылар тартылып, ансамбль мүшелері талай облыстық, республикалық және халықаралық өнер сайыстарында топ жарып жүргеніне бәріміз куәміз.

Ал биылғы жылы еліміздің елеулі оқиғасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде «Қыз Жібек» ансамблі концерттік бағдарлама беріп, жырдан шашу шашып, Елордамызға жиналған көпшілікті тәнті етті.

Сонымен қатар «Қыз Жібек» ансамблі 30 тамыз күні Астана қаласында өткен Конституция күніне арналған концертте де өз өнерлерін көрсетіп қайтқан болатын. Қазақ эстрадасының өнер жұлдыздарымен қатар ән айтқан «Қыз Жібек» ансамблінің бұл жетістігі ауданымыздың мәртебесі деп толық айтуға болады.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале