27.01.2017, 17:09
Оқылды: 63

"Мал ұрлаушы" шарасы басталды

Kaztalov mal yrlaushi  Қазталов ауданында мал ұрлығын болдырмау үшін 26-28 қаңтар аралығында  "Мал ұрлаушы" жедел алдын алу шарасы өтуде.


  Аталмыш шараға тұрақты комиссия құрылып, оған аудан әкімінің орынбасары Н.Құтхожин басшылық жасап отыр. Шараға аудандық ішкі істер бөлімі мен аудандық ауыл шаруашылығы және аудандық ветеренария инспекция қызметкерлері қатысуда. Сондай-ақ аудандық ішкі істер бөлімі жанынан 4 ұтқыр топ құрылып, рейдтік шаралар атқарылуда.

  Шара барысында аудан аумағында мал ұрлығына қатысты 6 факті ашылды. Аталған қылмыстарға қатысы бар 5 қылмыскер ұсталып, бүгінгі күнде оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Қайрат ЖАҚЫП

 Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале