7.11.2019, 11:20
Оқылды: 505

Мас күйінде пышақтап өлтірді

Жымпиты ауылында мас күйінде жанжалдасудың соңы адам өлімімен аяқталды.

Сейсенбі күні түс ауа орталықтағы үйлердің бірінде 3 күн бойына арақ ішуді тоқтамастан жалғастырған екі дос өзара жанжалдасқан. Төбелес, керісудің аяғы Б. есімді азамат К. есімді азаматтың денесіне пышақ сұғып алып, нәтижесінде К. есімді азамат алған жарақаттың зардабынан оқиға орнында қаза тапқан.

Бүгінде суық қаруды қолданған Б. есімді күдікті ұсталды. Спиртті ішімдікке үйір болудың соңы осындай өкінішті жағдайға әкеліп, бір отбасын қайғыға кенелтіп отыр. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Бекзат Қуанов

Сырым аудандық полиция

бөлімі бастығының орынбасары

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале