27.06.2017, 17:46
Оқылды: 71

Мәстексайлық Біржанға ел риза

Без названияЖаңақала ауданы Мәстексай ауылының тұрғыны Біржан Айғалиевке жерлестері риза.


Мәстексай ауылына қарасты Тама қорымы көптен бері қоршаусыз тұрып, өрген мал, жүгірген аңның аяғының астында қараусыз қалған еді. Жуырда «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген даналық қағиданы берік ұстанған ауыл азаматы аумағы 470 метр болатын қорымды темір қоршаумен қоршап берді.

Бүгінгі нарық заманында осындай сауапты іс атқарған кәсіпкерге ауылдастары және ата-бабалары осы жерде мәңгі қоныс тапқан ауылдастарының үрім-бұтағы шексіз алғыстарын білдіруде.

 Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале