29.12.2016, 13:02
Оқылды: 48

Мәуліт мерекесіне арналды

????????????????????????????????????

 Сырым ауданы орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасының 25 жылдығы аясында мешіт жамағаты арасында Мәуліт (Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) туған күні) мерекесіне орай қазақша күрестен аудандық ашық біріншілік өтті.


 Біріншіліктің ашылу салтанатына орай ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Р.Султанов және Сырым аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Б.Сабралиевтер құттықтау сөз сөйледі.

  Сайысқа Жалпақтал, Қазталов, Орал қаласы, Қаратөбе, Теректі және Сырым ауданынан барлығы 40-қа жуық мешіт жамағаты қатысты.

  Жарысты «Сырым» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігі және Сырым аудандық мұсылмандар мешіті ұйымдастырды.

  Тартысты белдесулердің қорытындысы бойынша, М.Шүрменов (Қаратөбе, 60 келі), М.Серіков (Қаратөбе, 70 келі), А.Әнуаров (Жалпақтал, 80 келі), Қ.Нүрпейісов (Сырым, 90 келі), Ж.Жүсіпқалиевтер (Жалпақтал, +90 келі) жарыс жеңімпазы атанды.

Үміт Жәңгірова

 Сырым ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале