9.01.2020, 18:21
Оқылды: 57

Мәжіліс депутаттары қаратөбеліктермен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Аманжан Жамалов, Снежанна Имашева Қаратөбе ауданының активімен кездесті.

Qaratobe dep (4)

Басқосуда халықтың әлеуетін көтеруге арналған мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы мен Заңнамадағы өзгерістер әңгіме өзегіне айналды.

Жиында алғаш сөз сөйлеген Аманжан Жамалов Мәжіліс депутаттары елдің барлық өңірлерін аралап, халықтың тұрмысымен танысып, олардың ұсыныс-тілектеріне құлақасу сапарларының басты мақсаты екендігіне тоқталды.

Qaratobe dep (3)

Снежанна Имашева «Атаулы әлеуметтік көмек төлеу туралы» Заңын егжей-тегжейлі түсіндіріп, көп балалы отбасыларға берілетін жеңілдіктерге тоқталды. Сонымен қатар әлеуметтік салаға қатысты заңнамаларға тоқталған халық қалаулысы мұғалімдердің мәртебесі туралы заңдағы жаңашылдықтарға, биылдан бастап енгізілген міндетті әлеуметтік мидициналық сақтандыру жөніндегі және қылмыстық заңнамаларға енген өзгерістер туралы атап өтті. Әсіресе, педофильдерге, мал ұрлағандарға, көлікті мас күйінде басқарғандарға жазаның күшейгендігін баяндап берді.

Актив жиналысында ой-пікірлерін білдірген аудандық мәслихаттың депутаты Нұрлан Меңдешов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев, аудандық әйелдер кеңесінің мүшесі Сағима Далабаева атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудағы мәселелер, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы, көп балалы аналардың зейнет жасының ұзақтығы мен зейнетақы мөлшерлері аз екендігін тілге тиек етті.

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале