5.04.2018, 11:45
Оқылды: 13

Мәжіліс депутаты Ақжайық ауданында болды

akjaik deputetАқжайық ауданына Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Сапархан Омаров жұмыс сапарымен келді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүкіндіктері» атты Жолдаулары мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін бұқараға тереңірек түсіндіруді мақсат тұтқан депутат аудан активі отырысына қатысты.
Кездесуді аудан әкімі Әділ Жоламанов кіріспе сөзбен ашып, жүргізді. Ол мәжілісменге аудан туралы жан-жақты мағұлмат бере отырып, өткен жылы атқарылған ауқымды жұмыстар мен келешекке межеленген істердің бірсыпырасын жеткізді. Аудан экономикасының негізі ауыл шаруашылығы саласы екеніне екпін түсіріп, осы бағыттағы жүйелі жұмыстарға тоқталды.

– Елбасымыздың наурыз айынның басында жария еткен Үндеуі көптің көңілінен шықты. Бұл құжат Мемлекет басшысының бұрын да жария еткен маңызды құжаттарымен тығыз байланысып жатыр. Бес бастамада көтерілген бағыттардың бәрі қазақстандықтардың жағдайын одан әрі жақсартатыны сөзсіз. Үндеуді жүзеге асыру үшін қазіргі уақытта Үкімет тарапынан жол картасы жасақталуда. Әл-ауқатымызды қуаттандыра түсетін маңызды бес бастаманы еңбегімізбен, талпынысымызбен қолдау – ел болашағына, өз келешегіне немқұрайлы қарамайтын әр тұрғынның парызы,-деді Сапархан Кесікбайұлы.

Сонымен қатар ол ауыл шаруашылығына қатысты қазіргі таңдағы мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін айтып, бұл одан әрі жетіле түсетінін, салаға қаржының мол бөлінетіндігін жеткізді.

Кездесу барысында еңбек ардагері, будариндік Амантай Сапаров ветеранария саласындағы түйінді мәселелерді атады. Аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Дәулетжан Жақсыбаев тіл, дін туралы, рухани жаңғыру бағдарламасы, жастар тәрбиесі хақында мәселелер көтерді.
Отырыстан соң Сапархан Кесікбайұлы тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді.

Бекболат ҚАЛЕНОВ
Ақжайық ауданы
Суретті түсірген автор

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале