6.12.2017, 17:30
Оқылды: 17

«Мұздақтарды жоюға 6 тонна тұз, 30 тонна гравий алынды»

Тасқала ауданында жол қозғалысы қауіпсіздігі жөнінде комиссия отырысы өтті.

Қыс мезгілінде аудандық және ауылішілік автомобиль жолдарын қардан тазалау және үнемі бақылау жөнінде Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы директоры А.Қодаровтың баяндамасы тыңдалды. Өз кезегінде Ақылбек Ісләмғалиұлы жол үстінде пайда болған мұздақтарды жоюға қолдану үшін 6 тонна тұз, 30 тонна гравий сатып алынғанын тілге тиек етті.

-Қыс мезгілінде аудандық және ауылішілік автомобиль жолдарын қардан тазалау және үнемі бақылау мақсатында техникалар мен шұғыл әрекет етуші 15 адам сақадай сай. Сонымен қатар төтенше жағдайлардың алдын алу және жолаушылардың автокөліктері істен шыққан жағдайда уақытша тұрақтау үшін ауылдық окургтерде жылыту пунктері ұйымдастырылуда. Мысалы, Достық ауылдық окургінде мәдениет үйінің ғимараты, Мерей ауылдық округінде Айнабұлақ мектебі, Қазақстан ауылдық округінде автоматтандырылған телефон стансасы, Қосшы ауылдық округінде Оян мектебі, Шежін ауылдық округінде мектеп спортзалы және Тасқала ауылдық округінде мәдениет үйі және С.Жақсығұлов мектебі ғимараттарында жылыту пунктері жұмыс жасамақ. Ал Ақтау, Амангелді және Мереке ауылдық окургтерінде ауыл әкімшілігі ғимаратында ұйымдастырылмақ,- деді А.Қодаров.

Сондай-ақ ауыз су мәселесі де назардан тыс қалмады. Бүгінде аудан бойынша 12 елді мекенде ауыз су жүйесі тартылғаны айтылды. Жалпы қашықтығы 200 шақырымды құрайтын 12 локалдық ауыз су жүйесінде 15 су ұңғамасы және 14 су мұнарасы бар.

Мұнан соң сөз алған «Юнисерв» ЖШС-нің бас инженері Н.Кондопуло ауданға қарасты республикалық, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының келер жылға арналған күзгі-қысқы кезең жұмыстарына дайындығына тоқталды. Белгілі аймаққа жауапты қызметкерлердің байланыс телефондары берілген ақпараттық маңдайшалары жол бойына қойылатынын, сонымен қатар бүгінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 4 техниканың дайын тұрғанын  айтты.

Сондай-ақ тұрақты такси тасымалдаушыларының қыс мезгілінде жол ережелерін қатаң сақтап, жолаушылардың қауіпсіздігіне жауапты күшейту мәселесі де ескерілді.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА,

Тасқала ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале