19.10.2018, 15:29
Оқылды: 51

Облыс әкімі Зеленов ауданы шаруаларымен кездесті

Жаздық дақылдарды жинап, күздік бидайды егіп тастаған дихандардың жұмысымен танысып, егістіктің жай-күйімен танысу мақсатында облыс әкімі Алтай Көлгінов Зеленов ауданында болды.

IMG_2522

         Өңірге танымал кәсіпкер Бейбіт Асанов жетекшілік ететін «АсанАул» ЖШС алқабындағы жұмыс барысымен танысқан өңір басшысы шаруашылықтың осы күнге дейін атқарған жұмысына оң бағасын берді.

Қарамағындағы 10 мың гектар жердің 1000 гектарына күздік, 3000 гектарына жаздық бидай, 2100 гектарына күнбағыс еккен шаруа күнбағыстан басқа барлық өнімді жинап алған. Ақ бидай гектарынан 7 центнер өнім берген. Шығымның аздығы биылғы қуаңшылықтың кесірінен болған. Дала жұмыстарын аяқтай келген шаруа қожалығының жұмысшылары қалған 500 гектардағы күнбағысты жинау үстінде. Бүгінде алынған бидай өнімі  «Аққайнар» ЖШС-не тапсырылған. Ал, күнбағыс өнімін өңіріміздегі «Теректі май» комбинаты мен Ақтөбе қаласының шаруалары сатып алу туралы ұсынысын жасаған.

Шаруашылық басшысы Бейбіт Асанов мемлекет шаруаларды жақсы қолдап отырғандығын айтады. Үкімет тарапынан берілген барлық субсидияларға да қол жеткізген.

Биылғы дала жұмысына көңілі толатынын жеткізген өңір басшысы Алтай Көлгінов жемісін жерден тапқан дихандарды мазалаған сұрақтарға жауап берді.

Мемлекет еңбек еткен адамды далада қалдырмайтынын айтқан қожалық жетекшілері жанар-жағар май жетпей жатқандығын алға тартты.

Оған Алтай Көлгінов:

-Елде дизелді жанар-жағар май жеткілікті. Қанша керек болса, сонша бере аламыз,-деді.

Сондай-ақ шаруалар техника жаңартып, басқа мақсаттарға берілетін субсидиялар азаймаса деген сұрақты да қойды.

-Елбасы биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығына қосымша 300 миллиард бөлінетінін айтты. Тек мал шаруашылығы ғана емес, егін шаруашылығын да дамыту керекпіз. Бүгін шаруаларға не нәрсе қажет екенін білсек, соған сәйкес қаражат сұрай аламыз,-деген Алтай Сейдірұлы күздік дақыл егетін жер көлемін ұлғайтуды тапсырды.

Егін ған емес, мал азығын дайындауды жақсы жолға қойған «АсанАул» ЖШС-нің базасына бас сұққан облыс әкімі шөп сақтаудың технологиясымен танысып, күнбағыс және басқа да өнім сақтайтын шағын элеваторға құйылып жатқан шемекінің де сапасын бағамдады.

Сондай-ақ жұмысшылармен тілдескен ол:

-Шаруашылықты жүргізу – бір бөлек, еккен өнімді жинау – бір бөлек. Сондықтан комбайн тізгіндеп, тракторларды техникалық жағдайына жауап беретін жұмысшылардың еңбегін бағалауымыз керек. Өйткені, дала жұмысының барлық машақаты осы кісілердің мойнында,-деді.

-Биыл аудан шаруалары 230 мың гектар алқапқа егін еккен. Оның 41 мың гектары күздік, 147 мың гектары жаздық бидай, 26 мың гектары майлы дақыл, 3,5 мың гектар бақша және 47 мың гектар жерді мал азығы алып жатыр. Барлық дақылды жинап болған шаруалар орылып жатқан шемекіні «Теректі май» зауытына тапсыруды көздеп отыр. Күнбағыстың шығымы да  жақсы. Былтыр гектарынан 8 центнерден өнім берген болса, биыл шемекінің өнімділігі гектарынан 10 центнерді құрап отыр,- дейді аудандық ауыл шаруашылық бөлімнің басшысы Ерікқали Бисақаев.

Десек те биылғы қуаңшылық бидайдың өнімділігін азайтқан. Былтыр күздік бидайды гектарынан 30 центнерден өнім берген күздік дақыл, биыл 12 центнерге дейін түсіп кеткен. Ал жаздық бидайдың гектарынан 6 центнер өнім алынған. Былтыр бұл көрсеткіш екі есе көп болған-ды.

Қазіргі таңда егіс жұмыстарын аяқтай келген шаруалар жер жартып, қыстақ қамына кіріскен.

IMG_2477 IMG_2498 IMG_2535 IMG_2647

IMG_2486 IMG_2529 IMG_2623

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале